jasqazaq.kz

Азиада ойындары: алғашқы алтын қоржында

20 тамыз 2018, 10:46

Қазақстандық семсерші Дмитрий Алексанин финалда Оңтүстік Кореяның олимпиада чемпионы Пак Сан Енді жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Дмитрий Алексаниннің финалдағы қарсыласы ең мыңты семсершілердің бірі. Дегенмен, отандасымыз үш кезең бойы артықшылық танытып, 15:12 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық семсерші Азиада ойындарының алғашқы алтынын иемденді.

«Қаты қуанып тұрмын. Өте көп жұмыс атқарылды. Жартылай финалда да және толық финалда да маған олимпиада ойындарының қола жүлдегерімен семсерлесуге тура келді. Сонымен қатар, қазіргі чемпионды да жеңіп, олармен теңестім. Екіншісімен финалда кездесетінімді жақсы білдім», – дейді жеңімпаз.

Сондай-ақ, спортшы өзінің жеңісін бүкіл Қазақстанға және 19 шілдеде қайғылы жағдайда көз жұмған танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнайтынын айтты.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді