jasqazaq.kz

Әжетханаға камера орнатқан

01 маусым 2020, 12:26

Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы тәрбиеленушілердің конституциялық құқығы бұзылғанын анықтады. Мұндай дерек «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында балалар құқығын қорғау жөніндегі топтың қатысуымен өткен отырыста айтылды.

«Облыстық қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жетекшісі орталық тәрбиеленушілерін бейнекамералар арқылы қарап отырған. Тіпті, камералар әжетхана мен қыздарға арналған жуыну бөлмелеріне орнатылып, ол жерлерде не болып жатқаны басшылықтың кабинетіндегі үлкен экран арқылы бақыланған», – деп мәлімдеді Павлодар облысы прокуратурасының басшысы Асхат Қоқымбаев.

Мекемеде 18 жасқа дейінгі қыздар да болғандықтан, прокуратура өкілдері орталық басшылығы мұндай әрекетімен балалардың құқығын өрескел бұзды деп санайды.

Ал тексеріс нәтижесінде бейнекамералар Павлодар облысы білім басқармасы басшылығының тікелей тапсырмасымен орнатылғаны анықталды.

Бұл туралы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, мұны өз әрекетінің ресми түсіндірмесі ретінде қарауды сұрады.

Оның айтуынша, жабық мекемелер жүйесі мен ол жердегі оқшаулану әсерінен қолдау көрсету орталығына келгенге дейін балалар көптеген қиындықтарды бастан өткереді.

«Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көрген қорлығы, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерінен жаның түршігеді. Сондықтан да мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға барлық жабық мекемелерде камералар орнату мәселесін ұсындым. Тіпті, жуыну бөлмелері мен әжетхана және жатын бөлмелерінің де бақылауда болғанын қаладым. Өйткені өзге аймақтардағы балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар көп жағдайда сондай жерлерде жасалған. Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе? Осылайша, мен балаларды қорғағым келді», – дейді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы.

Прокурорлар тексерісінен кейін бақылау камералары алынып тасталды. Бірақ Дінислам Болатханұлы өз ұстанымында қалатынын мәлімдеді.

Sputnik

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия