
Желіде 1 қыркүйек күні алғаш рет мектепке барып, әжесінен айырылғысы келмеген оқушының видеосы тарап кетті. Балақайдың қылығы желі оқырмандарын күлкіге қарық қылды.
NUR.KZ. жазғандай, бірінші сыныпқа қадам басқан бала әжесінен айырылғысы келмей, мектепке кіруден бас тартқан. Көпшілік оқушының әрекетіне күліп, оқиғаға қатысты өз пікірлерін білдіруде.
Оқырмандар өзінің балалық шағы мен мектеп кездерін еске алды.
«Жаным ашып кетті ғой, байғұс балақай»
«Менде жылағам осылай интернатқа барарда»
«Енді күнде барып оқу азап болайын деп тұр ғой», — деп жазды желідегілер.