jasqazaq.kz

Ажар Ғиният мектептер қандай жағдайда онлайн оқытуға ауысатынын айтты

25 қантар 2022, 10:35

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында ел мектептерін қандай жағдайда онлайн оқытуға қайта көшіруге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният:

Еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықаралық тәжірибені ескере отырып және Білім және ғылым министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің ұсынысы бойынша білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды. Барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып оқушылары және 600 оқушыға дейінгі мектептер тұрақты форматта оқиды. 600-ден астам оқушысы бар білім беру ұйымдарында білім беруді ұйымдастырудың сараланған тәсілі қолданылады, бастауыш мектеп әдеттегідей жұмыс істейді.

Оның айтуынша, оқыту форматын таңдағанда міндетті түрде вакцинациямен қамту деңгейі ескеріледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі:

Еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілген: дәрістер онлайн, қалған сабақтар икемді кесте бойынша тұрақты режимде. Бұл ретте, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантиндік шаралардың орындалуын бақылауды жалғастырып, бұзушылықтар анықталған жағдайда, бірінші жартыжылдықтағыдай оқыту онлайн форматқа көшетінін айта кеткен жөн.

Осыған байланысты ол облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне оқушылар арасында аурушаңдықтың күрт өсуіне жол бермеу үшін білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде