jasqazaq.kz

Ажалы 5 мың теңгеден

25 қазан 2016, 18:49

snimok

Шымкентте 38 жастағы төрт баланың әкесін көк ала қойдай сабап, ес-түссіз халге түскен зардап шегушіні үйінің алдына апарып тастаған. Мұндай жәбірлеудің себебі күдіктіден қарызға алған 5 мың теңге болуы мүмкін.

Хайрула Шүкіровтің отбасындағы қайғылы оқиға 24 қазанға қараған түні орын алды. Үйдің жалғыз асыраушысы болған отағасы автослесарь болып жұмыс істеген. Әйелі мен төрт қызы үшін баспана құрылысын бастауды жоспарлаған. Ер азамат арманда кетті: таңғы 09:30-да жан тапсырды.

«Кешке досымын деп келген бір жігіт сағат 11-де өзімен бірге ертіп шықты. Түнгі бір жарымда алып келді, қақпаның есігін ашып, үйдің алдына тастап кетті. Артында 4 қызы, жүкті әйелі қалды. Кірді, қасында анасы, баласы мен әкесі болуы керек, үшеуі келіп, қақпаның аузында қалдырып, үйдегілер шыққанша дейін қашып кетті», — дейді көршісі.

Хайруланың туыстарының айтуынша, 3 рет алдын ала қоңырау шалғаннан кейін 23:30-да оны Фарик деген біреу үйден алып кетті. Түнгі екіге қарай жаңағы жігіт өзінің дәрігер әке-шешесімен жәбірленушіні ес-түссіз күйінде жеткізген.

«Аталмыш факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті ретінде 1984 жылғы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың барысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде анықталады» деп мәлімдеді ОҚО ІІД ресми өкілі Салтанат Каракозова.

Расталмаған деректер бойынша, қылмыстың жасалуына Шүкіров қайтармаған 5 мың теңге түрткі болуы мүмкін. Күдікті соққыларды монтаждау құралымен жасаған. Қаза тапқан жәбірленушінің денесінен көптеген жарақат, басы мен басқа да дене мүшелерінде гематома ісіктері анықталған.

Қанды оқиға болмағанда 27 қазанда Хайрула Шүкіров 39 жасқа толар еді.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі