jasqazaq.kz

Әзербайжанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

28 ақпан 2020, 18:58

Әзербайжан министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб коронавирус жұқтырған алғашқы жағдайдың анықталғанын растады.Бұл туралы trend.az агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, инфекция жұқтырған – Ресей азаматы. Иран- Әзербайжан бағытында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан коронавирустың алғашқы белгілері анықталған, осыған байланысты вирус жұқтырған азамат аурухананың арнайы инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жүргізілген сынамалар мен тестердің қорытындысы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты.

Сонымен қатар, вирустың таралуын және оның салдарын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдануда. Қажетті ақпаратты алу үшін пациентпен байланысқан адамдарды анықтау, оның вирусты қайдан жұқтырғанын, сондай-ақ таралу жолдарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия