jasqazaq.kz

Азат шағынауданының тұрғындары табиғи газ тұтына бастады

09 қыркүйек 2022, 18:49

Қаратау ауданына қарасты Азат шағынауданына көгілдір отын желісі жеткізілді. Мұнда жалпы ұзындығы 9 шақырымға жуық табиғи газ құбыры тартылып, нәтижесінде 519 абонент газ тұтынады.

Алғашқы газды қосу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келіп, әкімнің орынбасары Мақсұт Исахов, Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов, «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің Шымкент қалалық филиалының өкілдеі қатысты. Жергілікті тұрғындар шаһар басшысы бастаған жауапты мамандарға аудандағы инфрақұрылымды жақсартудағы жұмыстар үшін алғысын айтты.

– Қала тұрғындарына есеп берген кездесулерде де айтылғандай, қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бес жылдық жоспары бар, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Оның ішінде ең өзектілері – инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Көп елдімекенде мектептер, су, жарық, газ және жол болмаған. Қазіргі таңда сол жұмыстар кезегімен атқарылуда. Бұл жолы Азат шағынауданындағы жаңақұрылыс аймағына табиғи газ беріліп отыр. «ҚазТрансГаз» мекемесіне газды тұрғындарға жылу маусымы басталғанша қосу тапсырмасы берілді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, жылдың соңына дейін тағы 7 елдімекенге газ беріледі. 2023 жылы Шымкент тұрғындарының көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 90 пайызға жеткізу жоспары бар. Ал жалпы 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 пайыз орындалмақ.

Айта кетейік, мұнда қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалының өкілдері абоненттеу жұмысын жүргізуде.

Биыл қала бойынша 15 нысанда газбен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылмақ.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде