jasqazaq.kz

Азаматтарға шағын несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

26 мамыр 2021, 14:40

Алматыда азаматтарға шағын несие рәсімдеген алаяқ ұсталды.

Д.есімді азаматша өзін сатып алушы ретінде таныстырып, сатушының ЖСН және банктегі шот нөмірін сұрап, несие ұйымдарынан онлайн несие рәсімдеген.

– Бір сөзбен айтқанда, интернет-дүкендер негізінен жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік желілеріндегі парақшалары болып табылады. Бизнес-аккаунттардың иелері, тауардың ақшасын алдын-ала төлегісі келген сатып алушы әйелге сұралған жеке деректерді еш күдіктенбестен жібереді. Виртуалды байланыстың екінші жағында, әдетте, әйел адам болды, өйткені интернет-дүкендер балалар заттарын, балалар тағамдарын, жүкті әйелдерге арналған заттарды, косметиканы және т.б. заттарды сатумен айналысады. Интернет-сатушылар өздерінің жеке деректерін жібере отырып, желінің ар жағындағы сыпайы қыз осылай әрекет етеді деп елестете де алмады. Алдаудың құрбаны болғандарға, несие алуға өтініш беру кезіндегі сомалар әр түрлі болды, орташа айлық жалақы есебімен 120-дан 150 мың теңгеге дейін. Осы тізбек бойынша күдікті бір жылға жуық уақыт ішінде желідегі сенгіш әйелдерді алдап келген, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Жүргізілген жедел-іздестіру барысында күдікті ұсталды. Ол өзінің қылмыстық іс-әрекеттерін мойындап, жауап берді. Д.есімді азаматшаның қала ішінде осындай 17 құқық бұзушылыққа қатысы бар екендігі анықталды. Жалған сатып алушы Алматы қаласындағы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы – бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия