jasqazaq.kz

Азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту мәселесі қозғалды

24 мамыр 2022, 17:45

ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттық-насихаттық мақсатта ОҚМПУ-де «Азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту» атты семинар өтті. Семинарға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Н.Бұхарбаев, сот саласының ардагерлері А.Елшібаев пен Ө.Темір қатысты. Жиынды ОҚМПУ басқарма төрағасы-ректор Г.Сүгірбаева жүргізді.

–Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жалпыхалықтық референдумға қатысып, өзінің азаматтық құқығын пайдалануы, елінің келешегі үшін өзіндік үлесін қосуы тиіс. Мемлекет басшысының бастамасымен 2019 жылдан бері саяси жүйеге, оның ішінде заңнамалық негіздегі құжаттарға ауқымды өзгерістер енгізіле бастаған болатын. Елдегі, әлемдегі орын алып жатқан оқиғаларға қатысты біршама істі жеделдетуге тура келді. Қ.Тоқаевтың 16 наурыздағы Жолдауына сәйкес, Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға қатысты бастамасы негізінде үлкен жұмыс тобы құрылып, оған білікті заңгерлер қосылды. Алғашқыда Конституцияның 20 бабына өзгерістер енгізу туралы айтылған еді. Алайда, жұмыс тобы жан-жақты саралай келе, 33 бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс берді. Яғни, референдум барысында Ата заңымыздың үштен біріне өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Бұл халықтың құқығын, мүддесін қорғайтын маңызды құжат болмақ, — деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров.

Семинар барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайы баяндалды. Мәселен, қолданыстағы модельді жүйелі түрде трансформациялау, мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы бағытын қалыптастыру мәселелері қозғалды. Студенттер заң өкілдеріне сауалдарын қойып, пікір алмасты.

Айта кетейік, ҚР Конституциясына 1995 жылы референдум арқылы, ал 2007, 2011, 2017 жылдары Парламент арқылы өзгерістер енгізілген болатын.

Тоқтар Жақаш

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр