jasqazaq.kz

Азаматтарды ірі көлемдегі соммаға алдап кеткен адам ұсталды

01 қазан 2020, 15:23

Алматыда азаматтарды ірі көлемдегі соммаға алдап кеткен адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

24 жастағы ер адам кепілге қойылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікке арналған банк саудасына қатысуды сылтауратып, туыстары мен достарынан ірі көлемде ақша алып, алдап кеткен.

– Күдікті И.есімді азаматтың өзінің банктермен байланысы болмаған, бірақ кепілдікке қойылған мүлік аукционының жүйесін білген. Ол өзінің құрбандарын үйді немесе көлікті тиімді түрде нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сатып алуға болатындығына сендірді. Әрине, бұл үшін қаражат қажет болды. Кейбір әлеуетті клиенттер бірден бірнеше мүлік нысандарын алуға үмітті. Мысалы, жәбірленушілердің бірі оған 182 миллион теңгесін берсе, екінші адам 386 мың АҚШ долларын оның қолына сеніп тапсырған, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Бүгінгі күні келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен бір миллион долларды құрайды.

– Әрине, ол ешқандай міндеттемені орындауды көздеген жоқ. Ол ақшаны оңай жұмсады: өзіне екі пәтер, жаңа көлік сатып алып, шетелге шығып үлгерген, жалпы алғанда, ол, өз жағдайын жасап алды. Бірақ ұзақ емес. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша күдікті. Осы адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар, бізге мына телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102, – деді полковник Іңкәров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде