jasqazaq.kz

Аза тұту күнінде мейрамханада думандатқан әкім кінәсін мойындады

16 қантар 2020, 22:03

Әкім кінәсін мойындады. 28 желтоқсан – аза тұту күнінде мейрамханада жаңа жылды тойлаған Ерейментау ауданының басшысы Абай Әлжанов бастаған мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті Ақмола облыстық Әдеп кеңесінде қаралды.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

—Білмегендігім бар шығар. Жаңа тағайындалған әкіммін. Кешірім өтінем, мемлекеттік қызметкер ретінде, аудан әкімі ретінде.

Әу баста Абай Әлжанов аталмыш әрекетін мойындамаған еді. Ерейментаулықтардың ашу-ызасын туғызған шара жария болған соң, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі қызметкерлері тексеру жүргізді. Қаралы күні той тойлағандар қатарында әкімнен бастап, барлық мемлекеттік қызметкерлер, тіпті жергілікті мәслихат депутаттарының да болғаны анықталды. Дегенмен Әдеп кеңесінің мүшелері әкім болып тағайындалғанына бір жыл толмаған шенеуніктің аудан экономикасына қосқан үлесін есепке алуға тырысты. Облыс орталығынан шалғай орналасқан Ерейментауға әкім табу да оңай емес десті. Сөйтіп оның қызметін жалғастыруына мүмкіндік берді. Дегенмен кеңес мүшелері бірауыздан Абай Әлжанов лауазымына «сай емес» деген ұйғарымға келді.

Әлібек Баймағанбетов, Ақмола облыстық Әдеп кеңесінің мүшесі:

— Ең қатал жаза – қызметінен кетіру. Әрине,моралдық тұрғыда сын көтермейтін іс. Кеңес мүшелері лауазымына сай емес деп шешті. Бірақ соңғы шешімді облыс әкімі Ермек Маржықпаев қабылдауы тиіс. Сондай-ақ, Ерейментаудың басқа мемлекеттік қызметкерлері де жауапсыз қалмайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия