jasqazaq.kz

Қазақстандықтар алкогольді көп ішетін болған

28 тамыз 2017, 12:12

Қазақстандықтар алкоголь өнімдерін көбірек қолданатын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, ішкі нарықта бірінші жартыжылдықта алкоголь ішімдіктердің сатылымы өскен. «Коньяк бағасы бір жыл ішінде 56,1 пайызға, шарап 17,9 пайызға, сыра 13,1 пайызға өсті. Ал алкогольсіз ішімдіктердің бағасы 6,6 пайызға ғана өсті», — деді сарапшылар. Сондай-ақ, спирттік ішімдіктердің ішінде коньяк өндірісінің бір жылда бірден 67,5 пайызға — 5,48 миллион литрға дейін өскені айтылады. Ликер өндірісі де бір жылда 46,6 пайызға — бір жылда 1,54 миллион литрға жеткен. Ал арақ өнімдері, керісінше, 8,1 пайызға азайған. Сарапшылардың айтуынша, орта деңгейдегі алкоголь өнімдерінде де өсім байқалады. Шарап өндірісі бір жыла 14,1 пайызға — 18,11 миллион литрға, сыра 12,3 пайызға — 335,55 миллион долларға жеткен. Сонымен қатар, агенттік өкілдері Қазақстанда алкоголь өнімдерінің қымбаттағанын айтып өтті. Олардың айтуынша, арақтың бағасы Астанада литр үшін 3050 теңгеге жеткен.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде