jasqazaq.kz

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының финалында жеңісті отандасына берді (видео)

18 тамыз 2017, 16:47

Вьетнамда өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында жұрт күтпеген жағдай болды. Қазақстандық спортшылар жарыстың финалында төбелесуден бас тартты. Жасы үлкен спортшы «жеңімпаз» атанды.

Астананың 22 жастағы тұрғыны Баққуар Хамзе чемпионаттың финалында Ақмола облысының тұрғыны, жерлесі Нұрсұлтан Дүйсенқұловпен кездесіп қалған. Олар бір бапкердің шәкірттері ғана емес, жақсы дос болып шықты. Баққуардың өзі турнирдің екі бөлімі: файтинг және комбат бойынша қатысқан екен. Алғашқысында спортшының жолы болмапты.

«Финалда, өкінішке қарай, өзімнің жерлесім әрі досым Нұрсұлтан Дүйсенқұловпен шықтым. Ол маған жеңісті берді. Біздің бапкерміз ортақ, менен жасы кіші болғандықтан жеңісті күреспей бере салды. Егер алдағы жарыстарда осылай болып жатса, жағдайға қарап көреміз. Бәрі де мүмкін», — деді Хамзе Астанадағы баспасөз конференциясында.

https://youtu.be/qS__aNN-0uI

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде