jasqazaq.kz

Қазақстандағы барлық өзге ұлт өкілдері қазаққа қарыздар

22 қыркүйек 2017, 12:39

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ұйғырлар мен дүнгендер, Столыпин реформасы кезінде орыс переселендері, отызыншы жылдары кәрістер, Ұлы Отан соғысы жылдары Солтүстік Кавказ халықтары, қалмақтар, Ресей немістері қоныс аударғаны белгілі. Осы бір тарихи жағдай қазақстандықтар атты тағдырлас халықтың қалыптасуына ықпал етті.

«Қазақстандағы барлық өзге ұлт өкілдері қазаққа қарыздар. Менің ата-бабаларым Қазақстанға 1870 жылдары ұйғырлар жер аударылмастан бұрын келген. Әкем «Жер ауып келгендерді әр елді мекенге бөлгенде мүлік, азық қоры мүлде болмаған. Осындай кезде елде өздері әрең күн көріп отырған жергілікті тұрғындар зорлықпен көшіп келгендерге қолынан келген барлық көмегін аямады» деп айтып отыратын. Түрлі тағдырмен келген өзге ұлт өкілдері Қазақстаннан тұрақты мекен тапты. Келген адамға жай бермесең, жеп отырған наныңнан бір үзім бөліп берме-сең, ол адам бір-екі күннен артық тұрақтай алмас еді. Қазақтар ешкімді жатсынбады, барлығын бауырына басты. Мен өзімді Қазақстанның байырғы тұрғынымын деп есептеймін. Бір атаның баласындай бауырмал халқы, ел қорғаған батырлары мен дуалы ауыз билері бар қазақ елінде туып-өскенімді мақтан тұтамын» дейді ұйғыр этномәдени орталығының Атырау облыстық филиалының төрағасы Анарбек Нодияров.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Бүгін, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Бүгін, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее