jasqazaq.kz

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында сегіз алтын медаль иеленді

17 шiлде 2017, 12:35

Астанада каратэ-додан жасөспірімдер мен ересектер арасындағы құрлықаралық біріншілік мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жарыстың үздік үштігіне енді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Қазақстан құрамасының қоржынында 8 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль бар. Жасөспірімдер арасында чемпиондық статусқа Софья Ғалимзянова (54 кг дейін), Әсел Қанай (59 кг дейін), Софья Берультцева (59 кг дейін), Дулат Мамыр (70 кг дейін) және Нұртілес Тынысбек (76 кг) қол жеткізді.

21 жасқа дейінгі санатта жеңіске Мөлдір Жаңбырбай жетті. Ересектер арасында алтынды еліміздің атынан Токио-2020 Олимпиадасына қатысатын басты үміткер, Азия ойындарының алтынын алған ақтөбелік Андрей Ақтауов иеленді. Ақтық бәсекеде ол ирандық Хассанниаделам Маджидттен ұпай санымен басым түсті.

Қазақстанның ең рейтингті каратисті Ринат Сағындықов чемпиондық статусын сақтап қала алмады. Финалда Сауд Арабиясынан келген қарсыласына жол беріп, құрама қоржынына күміс әкелді.

Ел құрамасының тағы бір көшбасшысы чемпионат алтынына қол жеткізе алмады. Данияр Юлдашев 84 келіге дейінгі салмақта ақтық бәсекеде жапондық Ижизуке Масаямен кездесіп, Азия чемпионы атағын уысынан жіберіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша күмісті қанжығалады.

19 алтын медальмен Ираннан келген каратистер Азия біріншілігінің көшбасшысы атанды. Жалпы командалық есепте 16 алтынмен Жапония құрамасы екінші орыннан табылса, қазақстандық құрама үшінші сатыдан көрінді.

Айта кетейік, 2016 жылы халықаралық олимпиада комитеті каратэ-доны 2020 жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізді. Чемпионатта жиналған ұпайлар спортшылардың төртжылдық басты ойындарына лицензия алу кезінде ескеріледі.

caravan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде