jasqazaq.kz

Қазақстан мейрамханаларында тамағын тауысып жемегендерге айыппұл салынатын болды

28 маусым 2017, 10:19

Қазақстандағы мейрамханаларда тамағын тауыспағандарға айыппұл салына бастады. Швед асханасында әрбір 100 грамм тамақ қалдығы үшін 200 теңге төленеді. Мұндай әдіс тағы қай елдерде қолданылады және бұл қаншалықты заңды?

Швед мейрамханасындағы бір түскі астың бағасы 1400 теңге. Егер тамаңыңызды тауыспасаңыз әрбір 100 грамы үшін 200 теңге төлейсіз. Ал, тамақты өзімен бірге алып кетуге болмайды.

«Бізде көбіне ланч тамақтары желінбей қалып жатады. Қонақтар берілген тағамды толық тауысып жесе екен дейміз», – дейді мейрамхана өкілі Юлия Мельник.

Осыдан 4 жыл бұрын Гонконг елінде желінбеген тамақ үшін 1 жарым доллар (500 теңге) айыппұл төлейтін ереже енгізілді. Швейцарияда 1600 теңге. Түркия да 3200 теңге айыппұл төленетін еді. Алайда тұрғындардың шағымынан соң бұл ереже алынып тасталды.

Еліміздің тұрғындарының бірі бұл ережені қолдаса, бірі қарсы шығып жатыр.

Ал, диетологтар адамның көп тамақ жеуі жұрыс емес екенін айтады. Әлемде тамақтың 1/3 бөлігі қоқысқа тасталады екен. Мейрамхана өкілдері осындай ысырапшылдықтың алдын алғысы келеді.

Заңгерлер тұрғындарға айыппұл төлеуге міндеттеген жағдайда құқық қорғау ұйымдарына немесе полицияға хабарласа алатындарын ескертеді.

stan.kz

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу