jasqazaq.kz

Қазақ əнұранын тағы да шатастырды (видео)

17 маусым 2017, 12:20

Сингапурда өткен ММА бойынша Азия чемпионатында келеңсіз жағдай болды. Қазақстан спортшысын марапаттау рәсімінде тағы ескі Әнұран ойнатылды.

Алтынға ие болғандардың ішінде Ерназ Мұсабек те бар. 56,7 келі салмақта ол өз қарсыласын тұншықтыру тәсілімен жеңіп, IMMAF халықаралық ұйымының ММА бойынша Азия чемпионы атанған болатын. Дәл осы спортшымызды марапаттау рәсімі кезінде Қазақстанның ескі Әнұраны қойылды. Алайда ұлттық құраманың мүшелері сасқан жоқ. Гимнді акапелламен, сол жерде тұрып, өздері шырқап берді. Айта кеткен жөн, 61,2 келіге дейінгі жеңіл салмақтағы палуан Олжас Молдағалиев те Азия чемпионы болды. Ұлттық құраманың ең жас мүшесі — 18 жастағы Жан Кенжебаев 77,1 келіге дейінгі салмақ санатында алтын медаль иегері атанды. Ал Аян Тұрсын мен Бекзат Жасия күмісті қанағат тұтты.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу