Ауылдық жерге күйеуге тидім. Менің тұрмысқа шыққаныма 5 ай болды. Үйде барлық тірлікті мен істеймін.Тіпті күйеуімнің бүкіл жұмысын мен істеймін, бәрін маған артып қойған.
Күйеуге шыққалы жарты жылдай ғана болса да бала көтермедім. Күйеуім ере алмай жүргеніме сенбейді. Мені әдейі көтермей жүрсің деп айыптайды. Дəрігерге де барғызбайды, олар түк білмейді дейді.
Ол осы 5 ай да ұрды, ұрысты, пышақ та ала жүгіріп, өлтіремін дегені де бар. Ата-енем жақсы адамдар. Ылғи біз ұрысқанда арамызға түсіп ажыратып алады. Шынымды айтсам, аз ғана уақыттың ішінде күйеумді жақтырмай да кеттім. Күнде көшеде жүреді, карта ойнайды. Ол да мені жақсы көрмейтін секілді.
Енді айтыңыздаршы, кеш болмай тұрғанда кетіп қалсам ба екен? Шаршап кеттім.
Дереккөз: alashainasy.kz