jasqazaq.kz

Аюсай шатқалындағы ағаштарды кім отаған?

18 ақпан 2021, 18:05

Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы Аюсай шатқалындағы ағаштардың кесілуіне қатысты түсініктеме берді.

Жасыл экономика басқармасының мәліметіше, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Аюсай сағасынан төмен Үлкен Алматы өзенінде селден қорғайтын бөгет салып жатыр. Осыған байланысты жасыл желекті отаған. Алайда, басқарма ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

«Әлеуметтік желілерде пайда болған 5000 ағаш кесілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Басқарма қызметкерлері Ботаникалық бақтың дендрологтарымен бірге бірнеше рет кесілген ағаштардың санын және түрін анықтау үшін учаскеге барды. Мамандардың айтуынша, қысқы уақытта кесілген ағаштар мен бұталардың санын есептеп шығару қиын болды», — деп хабарлады басқармадағылар.

Аралық зерттеу нәтижелері бойынша, 32 мың шаршы метрді құрайтын аумақта ағаштар заңсыз кесілгені анықталды. Ботаникалық бақ ұсынған мәліметерге сәйкес, Аюсай шатқалында раушан гүлі, шырғанақ, бөріқарақат, қайың, терек, долана, алма, ақ тал кесілген.

«Жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғаудың стандартты ережелерін бұзғаны үшін жауаптылар жиырма еселік көлемде өтемақы отырғызуы керек. Яғни, 23780 жасыл желек отырғызылуы тиіс. Айта кету керек, Үлкен Алматы өзені бассейніне, Аюсай шатқалына және Ақсай өзенінің бассейніне селден қорғайтын бөгеттер қажет. Бұл өте маңызды. Өйткені 300-ге жуық әлеуметтік және өндірістік нысандар, сондай-ақ 30 мың адам тұратын тұрғын үйге қауіп бар. Ақсай өзенінің бассейнінде селден қорғайтын бөгет жоқ «, — деп атап өтті жасыл экономика басқармасы.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттарына сәйкес, бөгет елді мекендерді селден қорғайды. Жасыл экономика басқармасы, тергеу жұмыстары жалғасатынын және аяқталғаннан кейін нәтижелер туралы толық ақпарат беретіндерін жеткізді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия