
Алматыда қатыгездікпен өлтірілген 19 жастағы жәбірленуші Аяжан Еділованың күдіктімен бірге лифтке кірген видеосы пайда болды. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.
Видеоны телеарна жариялады. Онда Аяжан Еділованың белгісіз ер адаммен лифтке кіргенін көруге болады.
Телеарна мәліметіне сүйенсек, қыз үш күн бойы ер адаммен хат алмасып, кейін онымен кездесуге келіскен. Қаза тапқан қыздың туыстары олар жұмыс барысымен кездескеніне сенімді.
Туыстары 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеудің мән-жайын айтып берді. Жәбірленушінің ағасы Алмат Мүліковтың айтуынша, күдікті фармацевт мамандығында оқып, Алматыда пәтер жалдап тұрған.
«Полиция күдікті айғақтарды жасыру үшін Аяжанды өлтірген деп болжап отыр. Суреттерді көргенімізде, әр тырнағы алынып, әр тісі жұлынған. Оны бөлек қапшыққа салып қойған. Басын суға қайнатыпты. Одан тек сүйегі қалған. Қазір қызды анықтау бойынша тексеру жүріп жатыр. Дене мүшесі әлі толық емес. Мәйітханадағы мамандар мәйіттің көп болуы мүмкін екенін айтты», — деді Алмат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram