jasqazaq.kz

Аяусыз соққыға жығылған студент қайтыс болды

02 маусым 2020, 11:32

Шымкентте төбелестен 17 жастағы жігіт қайтыс болды.

«Өкінішке қарай, 1 маусымда сағат 23.45-те жігіт қайтыс болды. Комада жатты, жағдайы ауыр болды. Есін жимастан көз жұмды», — деді Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, қайтыс болған жігіттің туыстары оны белгісіз біреулердің 22 мамырда аяусыз ұрып-соққанын айтқан еді. Студент достарымен кездесемін деп кеткен, содан көшеде бір топ жігітті кездестіріп, салдарынан төбелес шыққан.

«Құлағы мен басынан қан кетті, саусақтарында тырнағы қалмаған. Аяусыз ұрып-соққан. Менің інім спортшы болатын. Оны 7-8 адам ұрған. Бірақ негізі одан да көп адам төбелесті. Осы іс бойынша 15 адам сот алдына келеді. Олардың төртеуі қамауға алынды дейді. Бірақ мен барлығының жауапкершілікке тартылғанын қалаймын. Жай сол жерде тұрып, төбелескендерді ажыратпағандардың да жауапкершілікке тартылғанын қалаймын», — деген еді бауырларының бірі.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия