jasqazaq.kz

Аялдаманың есігін сындырған адам елден кешірім сұрады (видео)

05 қантар 2019, 15:55

Елорданың полицей қызметкерлері жылы аялдаманың есігін сындырған бұзақыны тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылы аялдаманың есігін қиратқан 22 жасар Түркістан облысының азаматы болып шықты. Ұсталған азамат бұзақылықты ашумен істегенін мойындап, халықтан кешірім сұрады. «2 қаңтар күні жылы аялдамаға қызым екеуміз жылынуға кіргенбіз. Содан арамызда келіспеушілік болып, қызуқандылыққа бой алдырдым. Сол жерде есікті теуіп сындырып жібердім. Мен Астана халқынан кешірім сұраймын. Келтірілген зардаптардың бәрін қалпына келтіремін», — деді ұсталған азамат. Еске салсақ, Астана полициясы 2 қаңтар күні А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан жылы аялдаманың есігін теуіп сындырған бұзақы іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

https://youtu.be/Ep8NbVQF-mg

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде