jasqazaq.kz

Аяғы ауыр келіншек көпірден секірді (Видео)

07 желтоқсан 2021, 13:43

Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелді құтқарды.

7 желтоқсан күні сағат 09:20 шамасында Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атырау қаласындағы жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді анықтап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама берді.

Патрульдік полиция батальонының рота командирі Алмас Закариев оқиға орнына барып, көпірдің арғы жағында әйелді көріп, онымен кері байланыс орнатпақ болған, бірақ ол полиция қызметкерімен әңгімелеспей, көпірден секіріп кеткен.

Алайда оқиға орнына дер кезде қайықпен жеткен Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Айбат Джаубаев әйелді құтқарып қалды. Қазіргі таңда көпірден секірген 28 жастағы азаматшаның жүкітілігі бар екендігі анықталды. Әйел Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, тергеу амалдары басталды.

polisia.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық