jasqazaq.kz

Аяғы ауыр алаяқ алдап кетті

22 мамыр 2020, 13:19

Түркістан облысының полицейлері 20-ға жуық жәбірленушінің ақшасын жымқырған алаяқты ұстады.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, таныс емес әйел “мемлекет тарапынан ай сайын берілетін әлеуметтік көмекті алып беремін” деп сендірген.

Жәбірленуші 30 мың теңгесін беріп, алданып қалған. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекетке көшіп, күдіктіні іздестірді.

Аудандық полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын, бұрын адамдарды “көлік жүргізу куәлігін алып беремін” деп алдаған, сотты болған жүкті әйел болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің осындай 17 жайтқа қатысы бары анықталды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 800 мыңға жуық теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Жүктілігіне байланысты міндеттемемен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сіз алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, “102” телефонына шұғыл түрде хабарласыңыз. Тез арада берілген ақпарат қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі