jasqazaq.kz

Аягөздегі балалар үйінде көз жұмған тәрбиеленушілерден бас жарақаттары анықталды

25 қараша 2020, 11:48

Аягөз қаласында психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернатта қайтыс болған бүлдіршіндерге қатысты жаңа деректер пайда болды. Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин мемлекеттік органдардың тілшісіне жауап берді.

ІІМ-де Аружан Саин қаза тапқан балалардың денелерін эксгумациялау нәтижесінде келесі дене жарақаттары табылғанын хабарлады:

— 2006 жылы туған тәрбиеленушіден — бас миының соғылуы, субарахноидальды қан құйылу, жабық бассүйек-ми жарақаты.
— 2009 жылы туған тәрбиеленушіден — бас миының соғылуы, бас сүйегінің күмбезі мен негізінің сынуы, жабық бассүйек-ми жарақаты.
— 2008 жылы туған тәрбиеленушіден — бас миының соғылуы, субарахноидалды қан құйылуы, бас сүйегі негізінің сынуы, ЖБМТ анықталды.

Аружан Саинның сөзінше, 18 мамырда ШҚО полиция департаментінің Аягөз аудандық полиция басқармасы Аягөз қаласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының төрт тәрбиеленушісінің қайтыс болу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 4-бөлігі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. 2020 жылғы 26 мамырда жоғарыда аталған тәрбиеленушілердің мәйіттерін эксгумациялай отырып, комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ал 9 маусымда ҚК-нің 106-бабы — «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі үш тергеу басталған. 30 маусымда Бас прокуратурамен қылмыстық істі одан әрі тергеу Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасына тапсырылды.

30 қазанда ауыр дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық істер жеке өндіріске бөлініп, тергеу жүргізу үшін ШҚО ПД ҚБ-ға жіберілді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ШҚО әкімдігінен осы интернаттың қызметін жан-жақты тексеруді сұрағанына қарамастан, 2019 жылдың күзінде жүргізілген тексеру тек формалды болғанын атап өтті. Осының салдарынан төрт бала көз жұмған.

Тек қайғылы оқиғадан кейін ғана жан-жақты тексеріс жүргізілген.

«Комиссияның тұжырымдары таңқаларлық, мүгедек балалардың құқықтарының көптеген, жүйелі бұзылуына әсер еткен қызмет пен қызмет көрсетудің барлық спектрі бойынша осы интернаттың жұмысында үлкен бұзушылықтар анықталды. Қазіргі уақытта ІІМ жауабынан көрініп тұрғандай, осы қылмыстық істер бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», — деп жазды Аружан Саин.

Сонымен қатар ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес, медициналық мекемелерде көз жұмған азаматтардың мәйітін ашып, зерттелуі міндетті екенін жазды.

Алайда, ресми лауазымды тұлғалар мейітті зертеуді жүргізбестен (эксгумация қажеттілігі осыны айғақтайды) немесе балалардың қаза болу себептерін бұрмалаумен (егер мәйітті ашып, зерттесе – нәтижелерде жарақаттар көрсетілмесе), балалардың өлімі «дамудың ауыр ақаулары бар негізгі туа біткен неврологиялық аурудың салдарынан» болды деп мәлімдеген.

«Олардың осы іс-әрекеттері балалар өлімінің шынайы себептерін жасырудың ықтимал әрекеттері немесе балалардың өліміне әкеп соққан оқиғаның шынайы себептерімен айналысқысы келмеуі ретінде саралануы мүмкін бе?», — деп ортаға сауал тастады Аружан Саин.

Дереккөзі: Stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық