jasqazaq.kz

Аягөзде төтенше жағдай жарияланды (видео)

11 наурыз 2018, 22:05

Аягөз ауданында толассыз жауын-шашын салдарынан төтенше жағдай жарияланды.

«Аягөз ауданы әкімінің өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды», делінген аудандық ішкі саясат бөлімі берген мәліметте. Әкімдік ақпараты бойынша қала ішінде 3 көпірді, 5 жаяу жүргінші өткелін қарғын су басып қалған. Су алған үйлерден 400 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 30-ы бала. «Тұрғындар Аягөз қаласының қазақ мектеп-лицейіне, №6 орта мектеп-интернатқа және туыстарына орналастырылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелер қызметкерлері және тұрғындар арасынан еріктілер жұмыс істеуде. 200-ден астам адам, 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлерімен алғашқы көмек көрсетілуде. Қаза тапқандар жоқ», — делінген ресми мәліметте.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде