
Аягөз қаласындағы тәрбиеленушелердің өліміне қатысты баспасөз бетінде жарияланған мәліметті полицейлер де ішінара растады. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында қайтыс болған балалардың үшеуінің денесінен жарақат анықталған. Алайда тексеріс жүргізген комиссия мүшелері балалардың өліміне «жарақаттың қатысы жоқ» деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Биыл көктемде арнайы орталықтағы төрт тәрбиеленушінің өлімі қоғам арасында дау тудырды. БАҚ өкілдері балалардың зорлық-зомбылықтан с қаза тапқанын жарыса жазған. Кейін эксгумация және екі коммиссиялық сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. Содан үш баланың денесінде жарақат бары расталды. Бірақ құзырлы орындар оның балалар өліміне қатысы жоқ дейді. Сараптамаға сүйенген мамандар, олар өкпе фиброзы, екі жақты іріңді пневмония сияқты жанама аурудан көз жұмған деп отыр. «Бүлдіршіндер кімнен және не үшін таяқ жеді?» деген сұраққа жауапты енді тергеушілер іздейді.
Елдос Зәкімов ШҚО ПД бастығының орынбасары:
— Ауыр дене жарқатын алу фактісімен қылмыстық істер бөлек өндіріске шығарылып, ары қарай тергеуге полиция департаментіне жолданды. Қазір тергеу басқармасымен аталған дене жарақаттарын анықтауға қосымша шара қабылданады.