jasqazaq.kz

Аягөзде әскерден қашқан сарбаздарға үкім шықты

23 сәуiр 2018, 18:20

Семей гарнизоны әскери соты жұмыс орнын рұқсатсыз тастап кеткен сарбаздарға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылы 20 желтоқсанында сағат 18.50-де тәуліктік кезекшілігін тапсырған 2 мерзімді әскери қызметкер рұқсатсыз әскери бөлімді тастап қашып кеткен. Осы әрекеттері үшін 29 және 19 жастағы сарбаздар үстінен ҚР ҚК-нің 441-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалады. Әскери міндетке жауапкершілік танытпағандардың бірі Жамбыл, екіншісі Ақмола облысының тумалары. «Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету бабы бойынша айыпталған К. және В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар жұмыс орындарын рұқсатсыз тастап, кетіп қалған. Әскери бөлім басшылығы оларға іздеу жариялады. Сарбаздар ҚР ҚК 63-бабына сәйкес, шартты түрде сотталды»,-деді Семей гарнизоны әкери сотының бас маманы Гүлдана Жұматаева. Сот отырысы кезінде олар қашып кету әрекеттерін ата-ана, бауырларын сағынғанымен түсіндірген.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді