
Ақтауда белгісіз ер адам бөтеннің «ВАЗ 21099» маркалы автокөлігін мініп кеткен. Құқық қорғау органдары қызметкерлері оны ізін суытпай ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.
6 маусымда шамамен кешкі 21:00-де 9-шы ықшамауданындағы ю 30-шы үйдің алдында тұрақта тұрған сұр түсті «ВАЗ 21099″ автокөлігін белгісіз біреу мініп кеткен. Кіші лейтенант Ержан Аят пен лейтенант Аманқос Мұратов автоұрыны 7 және 9 ықшамаудандарының арасында қуып жетіп, қаскөйді ұстаған. Бөтеннің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен ер адам Ақтау полиция басқармасына жеткізілген», — деді ведомство өкілдері.
https://youtu.be/f_iHwZhh9t8
https://youtu.be/uUzTvJmmHX4