jasqazaq.kz

Автомат ойынына құмар «алтын алқалы» әже желіні шулатты (видео)

31 қантар 2018, 11:44

Кеудесіне «алтын алқа» төсбелгісін таққан әженің автомат ойындарын беріліп ойнап жатқан видеосы Facebook желісінде тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода егде жастағы әйел автоматқа ақша салып, жан-жағына бұрылмастан ойын ойнап жатқанын көруге болады. Бейнежазба авторының «Сіз 200 ұтысқа ие болдыңыз» деген сөзіне, әжей «Қарасаң ұтылып қаламын, кетші» деп жауап берген.

Видеоны көрген желі қолданушылары әженің әрекетін ұят деп санауда.

Қалдыбай Дарменов: » Бул əйел туралы не айтарымды да білмеймін. Алтын алқа таққан екен, ендеше бала шағасы көп ардақты ана ғой. Балаларының ауызынан жырып автомат ойнап азартқа түсіп кеткені соншама, қасына барып амандасып турған баламен де дұрыс амандаса алмады… Осындайларға қарап ұялатынымыз бар емес пе», — деп жазған.

Ал кей оқырмандар керісінше, видео авторын жазғыруда. Себебі үлкен адамды масқаралап, бейнежазбаға түсіру — тәрбиесіздіктің белгісі дейді олар.

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр