
Алматыда өшіп қалған көлігін жол жиегіне итеріп апарғысы келген екі ер адамды көлік қағып кетті, — деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасы.
Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылы мен Қасым Шәріпов көшесінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта Toyota Carina E автокөлігін итеріп бара жатқан. Көлік бұзылып қалған соң, олар жол жиегіне апарғысы келген. Осы уақытта батыс бағытта Mitsubishi Galant автокөлігі жүріп бара жатқан. Mitsubishi жүргізушісі белгісіз себептермен Toyota-ға қатты жылдамдықпен келіп соғылған. Ер адамдар екі автокөлік арасында қысылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адамдар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде. Одан әрі барлық жағдайды анықтаумен полицейлер айналысады.