jasqazaq.kz

Автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлаумен айналысқан екеу ұсталды

09 желтоқсан 2020, 13:17

Қарағандылық полицейлер шетел автокөліктерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлаумен айналысқан ұрыларды ұстады.

Соңғы уақытта шетелдік автокөлік иелерінің белгісіз біреулердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлап, кейін қайтару үшін ақша талап еткені туралы шағымдары көбейіп кетті. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы осы қылмыстарды жасауға күдікті тұлғаларды ұстау мақсатында түнгі рейдтер өткізетін жедел-іздестіру топтарын құрды. Ұрлық фактілеріне талдау жасау барысында полиция қызметкерлері қылмыстың аталған түрінің көп жасалған аумағы Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс ауданы екенін анықтады. Сондықтан полиция қызметкерлері осы аумаққа баса назар аударып, жұмыстар атқарды. Күнделікті өткізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

– 8 желтоқсан күні таңғы сағат 05.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Язев көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында тұрған көліктердің бірінен тіркеу нөмірін шешіп жатқан 18 және 20 жастағы екі азамат ұсталды. Тексеру барысында олардан тоғыз нөмір тәркіленіп алынды. Сондай-ақ ұсталғандар Қарағанды қаласында автокөліктерден тіркеу нөмірлерін ұрлаудың 29 фактісін мойындады, – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-тармағына (Қорқытып алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары өткізілуде. Қарағанды облыстық Полиция департаменті көлік иелеріне көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі ұрланған жағдайда дереу полицияға хабарлау керектігін еске салады.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия