jasqazaq.kz

Автокөлік аударылып, жолаушы зардап шекті (видео)

08 ақпан 2021, 17:18

Алматыда Розыбакиев көшесінде көлік аударылып, салдарынан көлік жолаушысы зардап шекті. Апат салдарынан қатты кептеліс пайда болды. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Розыбакиев-Левитан көшелерінің қиылысында көлік аударылып, қатты кептеліс болды. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлаңыздар» делінген хабарламада.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі апат 8 ақпанда болғанын айтты.

«Lifan» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстік бағытта, Левитан көшесінің қиылысында сол жақ бұрылысты жасап, Розыбакиев көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан «Volkswagen Transporter» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Осы жол апаты салдарынан «Lifan» көлігі аударылып, аталған көлік құралының жолаушысы зардап шекті.

«Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — дейді Алматы қаласы ЖКО анықтау басқармасының бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде