jasqazaq.kz

Автокөлік алуға жұмсалған: ҚМА 297 млн теңге мемлекеттік грант жымқыру схемасын әшкереледі

Бүгін, 12:31

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бөлінген мемлекеттік гранттарды жымқыру схемасын анықтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылы жеке кәсіпкер «Ғылым қоры» акционерлік қоғамынан «Өсімдік майларын қайта өңдеу және тазарту өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыру үшін жалпы қаржыландыру көлемі 350 млн теңгеге дейінгі грант алған.

Алайда қаражат жабдықтар, шикізат, маркетингтік қызметтер және басқа да тауарлар үшін төлем жасау деген желеумен бақылаудағы компаниялардың шоттарына аударылып отырған.

Атап айтқанда, жобада көзделген дат баспайтын болаттан жасалған үш өндірістік желінің орнына техникалық талаптарға сәйкес келмейтін, көміртекті болаттан жасалған екі қондырғы ғана сатып алынған.

Дайын өнім өндірілмеген және сатылмаған. Нәтижесінде мемлекетке 297 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Жымқырылған қаражат пайдаланылған өсімдік майын жеткізуге төлем жасау деген желеумен өзара байланысты екі компанияның шотына аударылған.

Кейін бұл қаражаттың бір бөлігі жеке кәсіпкерліктің шоттарына қайтарылып, жобаға қосқан өз қаражаты ретінде рәсімделген. Сондай-ақ қаражаттың бір бөлігі автокөліктерді лизингке алу шарттары бойынша бастапқы жарналарды төлеуге жұмсалған.

Бұдан бөлек, жобаның іске асырылуын бақылауға жауапты «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ қызметкері 1,7 млн теңге заңсыз сыйақы алып, анықталған заңбұзушылықтарды тексеру актілерінде көрсетпеген және жобаны қаржыландыруды жалғастыруға ұсыным берген.

Екі күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен 6 автокөлікке, пәтерге және жабдықтарға тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

Бүгін, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда