jasqazaq.kz

Автобустардың жылдамдығын төмендетпек

31 мамыр 2019, 14:59

Қазақстанда жолаушылар автобусының жылдамдығына қатысты шектеу қою ұсынылды. Бұл туралы әкімшілік полицияның комитет төрағасы Мақсат Байболов ІІМ-нің брифингінде айтты .

«ІІМ индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып жолаушылар тасымалында қауіпсіздікті арттыру бойынша жол картасының жобасын әзірледі. Кешенді шаралар қарастырылуда. Бұл ескі автобустардың пайдаланылуына шектеу қоюға да байланысты. Өз кезегінде ол автобустар паркін жаңартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда 90 мыңнан аса ескі автобус тіркелген», — дейді Байболов.

Сонымен қатар, мемлекетте тасымалдаушылар, автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптарды қатаңдатып, автобустың қайта жабдықталуына тыйым салу жоспарлануда.

«Елді мекендерде автобустардың жылдамығын сағатына 50 шақырымға дейін, қала сыртындағы тасжолдарда 80 шақырымға дейін шектеу қарастырылуда. Бүгінде елді мекендерде жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырымнан, қала сыртындағы тасжолдарда 90 шақырымнан аспауы тиіс», — дейді комитет төрағасы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда