jasqazaq.kz

Автобустарда бет-әлпет арқылы жолақы төлеу жүйесі енгізіледі

15 қазан 2019, 18:13

 Елорда автобустарында жолаушының бет-жүзін тану арқылы жолақы алу жүйесі енгізіледі.

«Биометрияның көмегімен бет-әлпеттің суреті арқылы төлем жасауды енгізбекпіз. Telegram-да бот құрдық. Онда сіз өзіңіздің ЖСН-ініңді, суретіңізді, автобус картаңызды тіркеу арқылы жүйеге ене аласыз. Одан кейін мәліметтеріңізді пайдалануға рұқсат бересіз. Мұнан ары телефоныңызды немесе төлем картаңызды өзіңізбен бірге алып жүру арқылы автобуста билет сатып ала аласыз», — деді ол «Қоғамдық көлік: реформалар және даму жолдары» атты конференция барысында. Оның атап өтуінше, жүйе барынша қауіпсіз. «Біз қауіпсіздік шегінің критерийлерін көтердік. Жүйеміз 95 пайызға дейін дәл таниды. Егер жүйенің тану деңгейі 80 пайыздан төмен болса, онда жолаушыға камераға тағы бір мәрте қарау туралы өтініш жасалады. Бастапқыдан-ақ жүйе жолақысын төлемеген адамдарды ұстау үшін емес, жолаушылардың қолдануына ыңғайлы болуы үшін жасалған. Шынымен де осы жүйені пайдаланғысы келген жолаушы камераға тура қарап, билет ала алады», — деді Алмас Айменов. Компания құрылтайшысының сөзіне қарағанда, төлемнің мұндай жүйесін қолдану барысында жолаушының суреті жүргізуші алдындағы монитордан көрініп тұрады, деп жазады ҚазАқпарат. «Жалпы, бұл толықтай қазақстандық әзірлеме саналады. Осыған ұқсас жүйе болуы да мүмкін. Дегенмен, біздікінің төлем жасауға да мүмкіндігі бар», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда