jasqazaq.kz

Автобустағы адамға пышақ ала жүгірді (видео)

18 маусым 2020, 11:28

Теміртауда ер адам автобустағы жолаушылардың біріне пышақпен тап берген. Автобустағы басқа жолаушылардың қырағылығының арқасында ол залалсыздандырылып, полицияға тапсырылды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Instagram-дағы temirtau.tayday тобында автобус еденінде құлап жатқан ұсталған ер адамның видеосы жарияланған. Ол пышақпен шабуылдаған адамды балағаттап, қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Одан кейін оны полиция қызметкерлері қолын қайырып, патрульдік көлікке салады.

«Бүгін, 2020 жылдың 17 маусымында шамамен сағат 17:15 шамасында қоғамдық көлік салонында ер адам белгісіз жас жігітке пышақ ала жүгірді, бірақ жолаушылардың қырағылығының арқасында қаскөй залалсыздандырылды. Сол оқиғаның қақ ортасында болып, қаскөйдің қолындағы пышақты жұлып алып, лақтырып жіберген адамға ерекше алғыс білдіреміз. Одан кейін мінез көрсеткен адамды автобустағы жолаушылар қолдарын қайырып, еденге жатқызып қойып, полиция шақырған. Оларға тез келіп, қылмыскерді полиция бөлімшесіне алып кетті», — деп жазды автор.

Видеода бейәдеп сөздер барын ескертеміз:

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Темиртау сегодня | Казахстан (@temirtau.today)

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі