jasqazaq.kz

Автобуста жасөспірімді ұрған ер адам ұсталды

11 қантар 2020, 13:47

Полицейлер Алматыда автобуста жасөспірімді ұрған ер адамды тапты.

Алматыда автобуста болған жағдай туралы жасөспірімнің анасы Елена Семенова Facebook желісінде парақшасында жазды. Ол 17 жастағы ұлының Медеуге барар жолда ұлымен болған жағдай туралы айтты.

«Шабуылдаған ер адам күртесінен жұлқылап, «орныңнан тұр балақай» деген кезде менің 9 жастағы кіші ұлым автобус орындығында отырған. Үлкен ұлым ер адамға қарсы келіп, оның кішкентай әрі арқасы ауыратынын (бала кифо-сколиоз ауруына шалдыққан) айтып, оған ұзақ уақыт тұруға болмайтынын және отыра беруін сұраған. Осыдан кейін балағаттау сөздер айтылып, баланың жағынан ұрған», — деп жазды Алматы тұрғыны.

«4 қаңтарда кәмелетке толмаған балаға қоғамдық көлікте болған бұзақылық дерегіне қатысты 50 жастағы ер адам ұсталды», — делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Полиция автобуст салонында түсірілген видеоны тәркіледі. Онда расымен ер адам бұзақылық әрекет жасаған. Осыған байланысты тергеу жүріп жатыр, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады.

tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия