jasqazaq.kz

Автобуста 3 млн теңге салынған сөмкесін ұмытып кеткен

11 қантар 2021, 16:38

Семей қаласының полиция қызметкерлері әйел адамға автобуста ұмытып кеткен 3 млн теңге салынған сөмкесін қайтарып берді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 қаңтарда «102» арнасына хабарласқан 38 жастағы қала тұрғыны №35 автобуста ірі көлемдегі ақша салынған қара сөмкесін ұмытып кеткенін айтқан.

«Өз сөзінде ол Водный кентіндегі аялдамадан түскенін, автобус қала бағытына кетіп қалғанын жеткізді. Көзіне жас келген әйел автобустың соңынан жүгірген. Хабар түскен соң қоғамдық тәртіпті қадағалайтын барлық полицейлер автобусты іздеуге жұмылдырылды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көп ұзамай автобустың нөмірі және қайда келе жатқаны анықталған. Қоғамдық көлік «ЦУМ» маңында тоқтатылған соң полицейлер ақша салынған сөмкені тапты. Сөмке дереу жәбірленушіге қайтарылды. Барлық заттар мен ақша орнында болып шықты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия