jasqazaq.kz

Автобус жүргізушісі Алматыға жолаушы тасымалдамақ болған

23 мамыр 2020, 20:40

Түркістанда қаларалық автобус жүргізушісі карантин режиміне қарамастан жолаушыларды жинап, Алматы қаласына заңсыз сапарға шыққан.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен бұл көлікке тосқауыл қойылып, құзырлы органдар тиісті шара қолданған. Сала мамандары жолаушылар тасымалы қызметімен айналысатын жүргізушілерге автобустардың облыс аумағынан шығарылмайтынын ескертті.

Бұл мақсатта Сауран және Шақпақ блокпостарында тосқауыл қойылған. ҚР Президентінің жарлығына сәйкес, елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин режимі енгізілген болатын. Бүгінде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин күшінде қалып отыр.

Бұл ретте Түркістан облысы аумағындағы көлік нысандарының (теміржол вокзалдары, автовокзалдар, автобекеттер) қызметтері уақытша тоқтатылған.

Сонымен қатар, халықаралық, республикаішілік бағыттар бойынша қоғамдық көліктер мен жолаушылар тасымалымен айналысуға тыйым салынып отыр.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі