jasqazaq.kz

Автобус жүргізушісі Алматыда болған сұмдық жол апатында қаза болды (видео)

10 қазан 2017, 19:14

Алматыда жүк көлігі мен жолаушылар автобусы «бетпе-бет» соқтығысып қалды. ЖКО нәтижесінде жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды patrul.kz.

Hyundai шағын автобусы оңтүстік астанамыздың Жетісу ауданындағы Вокзальная көшесімен оңтүстік бағытта қозғалған. Алдындағы көлікті айналып өтемін деп, оның тізгініндегі жігіт жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетті де сол жолмен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан «МАЗ» автомашинасымен соқтығысып қалды. Соққының соншалықты қатты болғанынан автобустың алды, жүргізушінің отыратын жерімен бірге толығымен жапырылып кетті.
Алған жарақаттардан 23 жасар автобус жүргізушісі сол жерде мерт болды. Одан басқа автобус ішінде тағы 4 адам болған. Олардың біреуі ғана ауруханаға апарып тексертілуге мұқтаж болды.

Полиция бұл ЖКО-ның барлық жағдайларын анықтауда.

https://www.youtube.com/watch?v=WmGSVaRJ9zg&feature=youtu.be

https://www.youtube.com/watch?v=wAy6QgCZjwg&feature=youtu.be

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық