jasqazaq.kz

Автобус жүргізушілерінің денсаулығын «кресло» тексеретін болады

19 маусым 2019, 10:28

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің денсаулығын орындықтары тексеретін болды. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров айтты.

«Елімізде автобус жүргізушілерінің денсаулығына байланысты жол апаттары жиі белең алып келеді. Осыған байланысты Алматыда жаз соңына дейін жүргізушілердің денсаулығын тексеретін электронды жүйе ойластырылып жатыр. Бұл құрал жүргізушілердің уақытша жұмысқа қабілетінің жоқтығын немесе қабілетті екенін медициналық тұрғыдан тексереді», — деді facebook-тегі парақшасында Қанат Байғоңыров. Арнайы датчиктермен жабдықталған орындық адамның артериалды қан қысымын, тамыр соғысын, температурасын анықтайтын болады. Сонымен қатар, алкогольдік және есірткі заттарын қолданғанын көрсетіп бере алады. Бұл ақпарат арнайы жүйемен өңделіп болған соң, жүргізушіге көлік тізгіндеуге рұқсат беріледі.

Электронды жүйе жүргізушілердің кесірінен болатын жол апаттарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде