jasqazaq.kz

Автобус жүргізушілері бір күнде 50 рет заң бұзған

21 қантар 2021, 10:30

Өскемен қаласында «Автобус» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 жүргізуші мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өтпесе, 7 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған.

«Көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланудың 4 фактісі тіркелді. Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеген бір автобус арнайы автотұраққа қойылды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, «Автобус» жедел алдын алу шарасы 20-22 қаңтары аралығында жүргізілуде. Осы уақыт аралығында полиция қызметкерлері мен Экология және көліктік бақылау инспекциясы департаментінің өкілдері қоғамдық көліктерді жіті тексереді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде