jasqazaq.kz

Автобус жолынан неге адасты? (видео)

07 сәуiр 2021, 14:57

Алматыда автобус жүргізушісі Сүйінбай даңғылында қарсы жолаққа шыққан. Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Көлік салонынан түсірілген видеодағы мәліметке сүйенсек, оқиға 5 сәуір күні кешке болған. Видео кадрларынан №33 автобус жүргізушісі негізгі қозғалысқа қарсы сол жақ жолақпен жүріп келе жатқанын көруге болады. Полиция көлік тізгінінде Алматы облысы Қарасай ауданының 56 жастағы тұрғыны болғанын хабарлады. Салонда жолаушылар болған-болмағаны туралы деректер жоқ.

«Жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автобус жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі бойынша шаралар қабылдады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-бабын бұзғаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқықбұзушы кінәсін толық мойындады. Шешім қабылдау үшін материалдар сотқа жіберілді», — деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі өкілі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия