jasqazaq.kz

Автобус жолаушысы билет тексерушінің аяғына балта шапты

22 шiлде 2020, 22:23

Семейде автобус жолаушыларының бірі жол жүру ақысын төлемей, оған айыппұл салмақшы болған тексерушіге шабуыл жасаған.

Бұл туралы қалалық ақпарат орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Семейде жолаушылардың жолақысын тексеретін учаскелік полиция мен тексерушілерден құралған мобильді топ жұмыс істейді. Ведомство хабарлауынша, жолақысын төлемегендерге 2 АЕК немесе 5650 теңге айыппұл салынады.

Соңғы екі күнде жүзге жуық билетсіз жолаушы әкімшілік жауапқа тартылды. Статистикаға сәйкес, жолақысын негізінен зейнеткерлікке шығуға жақын қалған адамдар мен QR-код қолданатын жастар төлемейді. Олар автобусқа отырған соң жолақысын төлейді, егер тексеруші оны тексермесе өтінішін кері қайтарып, автобус салонынан түсіп қалады.

Жолақысын төлемейтін зейнеткерлер де бар. Сондай-ақ билетсіздер қатарында жанжал шығарушылар да кездеседі. Таңертең автобус жолаушыларының бірі жол жүру ақысын төлемей, оған айыппұл салмақшы болған тексерушіге шабуыл жасаған. Жолаушы бақылаушының аяғын балтамен жарақаттаған. Оның жарасын тігуге тура келген. Жолаушы ұсталып, қазір ішкі істер органдарында, тексеру жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде