jasqazaq.kz

Автобус жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып кетті

29 қантар 2020, 21:30

Қарағандыда қалалық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен өтпекші болған 62 жастағы әйелді қағып кетті. Зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға Майқұдық ауданындағы мешіттің жанында болған. Оқыс оқиға Instagram-дағы Қарағанды облысына танымал парақшада жарияланды. Видеода әйел жаяу жүргіншілер жолына шыға берген бетте, оны бірден автобус қағып кеткені көрінеді.

«29 қаңтарда Қарағанды қаласының Октябрь ауданында «Ютонг» автобусының 29 жасар жүргізушісі К. Маркс көшесінің бойымен Восток-3 шағын аудан жағынан Магнитогорская көшесіне қарай келе жатқан 62 жастағы қала тұрғынын қағып кеткен», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.

«Зардап шеккен әйел Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасына жабық бас ми жарақатымен, бас миы шайқалумен түскен. Сондай-ақ оның қабырғалары сынған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімшесінде жатыр», — деп түсіндірді Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде