jasqazaq.kz

Автобус жүргізушілерінің қан жоса төбелесі видеоға түсірілді

20 шiлде 2017, 12:48

Қарағандыда куәгерлер 29-шы бағыттағы автобус жүргізушілерінің төбелесін видеоға түсіріп алды. Оқиға қаланың орталығында, «Боулинг»аялдамасының маңында болған.

@shok_krg паблигіндегі видеода автордың сөздері де бар: «Екі 29-шы маршрут бірдей келді. Қанжоса болғанша төбелесті. Бәрінен бұрын кондукторлар ажыратудың орнына төбелеске араласып жүргені таңдандырады! Полиция шақырыңдар дегеннен кейін ғана ажырата бастады. Бұл не сұмдық?! Өзім Қостанайданмын. Мұндай оқиғаны алғаш көріп отырмын, осы Қарағандыдан, автобус жүргізушілерінің «Формула 1″ ұйымдастырып, жарысқанын». Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі полицияға арыз түспегенін айтады. «Олар төбелескен соң бірден кетіп қалған сияқты. Басқа адамдар да хабарласпады. Бұл видео қарауға алынып, төбелеске қатыстылардың барлығын ұстауға бағытталған шаралар іске асырылады», — дейді ведомство өкілдері. «Экспресс и А» ЖШС-ның тасымалдаушысы да болған жайтты анықтап жатыр. «Бұл туралы түнде айтты. Ненің қалай болғанын әзір айта алмаймын. Жұмыстың жүйкені шаршататындығында болар, кептеліс, жолаушылар дөрекі болып қалады. Жұмыс ауыр. Бұл біздің ғана емес, басқа бағыттарда да болып жатады. Бұл жағдайда қатысты адамдарға шара қолданылады», — дейді компания директоры Анатолий Закевич.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық