jasqazaq.kz

Автобус терезесіне беті жабысқан балаға қатысты әкім түсінік берді

16 қыркүйек 2019, 18:10

Түркістанда бағыттағы көліктің терезесіне беті жабысып қалған балаға қатысты көріністі қала әкімі түсіндіріп өтті. Шаһар басшысы Рашид Аюпов облыс орталығында әлі де қоғамдық көліктер жеткіліксіз екенін айтады.

«Қалада қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі проблемасы бар. Себебі, қазір бір ғана «Жолаушы» серіктестігі жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Бірақ бұл мәселе қазіргі таңда біртіндеп шешімін тауып келеді. Аталған серіктестік, автопаркін жаңартып жатыр. Жыл басында 16 автобуспен толыққан болса, енді олардың қатарына Қытайдан әкелінген «Yutong» маркалы 5 автобус қосылды»,- деді Рашид Аюпов. Шаһар басшысының сөзінше, «Жолаушы» ЖШС-нің жаңалығы мұнымен таусылмайды. Серіктестік «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен» бірлесіп жұмыс істеу арқылы, жыл соңына дейін Қазақстанда жасалған «Сарыарқа АвтоПром» автозауыт базасынан су жаңа 36 автобусты сатып алмақшы. Еске салайық, демалыс күні беті №6-шы бағдардағы көліктің терезесіне жабысып қалған баланың көрінісі әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Оны жанында өтіп бара жатқан көліктің жолаушысы түсіріп алып, желілерге салып жіберген. Бұл көрініске байланысты оқырмандар тарапынан әр түрлі пікірлер жазылуда. Бірі мұны қоғамдық көліктердің жетіспеушілігінен деп түсіндірсе, енді бірі қандай жағдай болмасын мектепке бара жатқан балаға аяушылық танытқан.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда