jasqazaq.kz

Автобус оқушыны қағып кетті

20 мамыр 2019, 17:12

Қостанай қаласындағы әл-Фараби даңғылының бойында жол-көлік оқиғасы болды, — деп хабарлайды «Алау».

Куәгер Виолетта Немолеваның айтуынша, Қостанай қалалық ауруханасының маңында екі белгі орнатылған: «Ескерту, балалар» және «Жаяу жүргіншіге арналған жол». Дәл осы жерден оқушы қыз өтіп бара жатқан кезде оны автобус қағып кеткен. «№ 2 бағытында жүретін қоғамдық көлік. Қалай көрмеуге болады, екі бірдей белгі тұр. Баланың жасы шамамен 10-12-де. Менде жолдан өтіп бара жаттым, көлік тежегішінің ысқырығын және қыздың айғайлаған дауысын естідім. Оның тоқтауға мүмкіндігі болды, арасы біраз жер еді. Онда белгілер тұр емес пе, сонша басқаны несі?», — дейді әйел. Оның айтуынша, ер адам мен әйел қызды көтеріп алып, дереу қалалық ауруханаға апарған. Полицейлер келді. Әйел адамның айтуынша, бұл айда осымен бірнеше рет жол апаты болған. «Бірінші рет емес. Осы жерде әрдайым біреуді қағып кетіп жатады. Мен автобуспен жиі жүремін олар үнемі телефонмен сөйлесіп отырады. Жолаушылардың қауіпсіздігін ескеруі керек емес пе?», — дейді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда