jasqazaq.kz

Автобус қаққан қызға ғашық жігіттің хаты көпшілікті елжіретті

19 сәуiр 2018, 12:45

Күні кеше Алматы қаласында автобус қағып мерт қылған 24 жастағы бойжеткенге өлердей ғашық болған азамат жүрек елжіретер қоштасу сөзін арнады. Ол NUR.KZ порталына хат жолдап, өзінің шынайы сезімі туралы айтып берді.

Азаматтың айтуынша марқұм болған Айғаным Ерланқызы 1994 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Асы Саға ауылында дүниеге келген. Сол жердегі Төлен Қабылов мектебін 2012 жылы бітіріпті.

«Біз 2017 жылдың күзінде танысқанбыз. Содан бері оған шын ғашық болдым. Өте қарапайым, тәрбиелі қыз болатын. Менің өзіне қатты ғашық екенімді білетін. Бірақ біз қыз-жігіт болып кездеспедік», — дейді ол.

Есімін құпия қалдыруда жөн санаған жігіт Айғанымның қазасын естігенде есеңгіреп қалдым дейді.

«24 жастағы қызды қоғамдық көлік қағып кетті деген жаңалықты оқығанымен, оған мән бермеген едім. Досым полиция қызметінде жұмыс істейді. Сол қайтыс болған қыздың Айғаным екенін айтқанда есімнен тана жаздадым», — деп ақтарылды.

Ғашық серінің сөзіне сүйенсек, ол Айғаныммен осыдан екі апта бұрын,қаладағы сауда орталығында кездескен екен.

«Сол уақытта оны соңғы рет көріп тұрғанымды білсем, ешқайда жібермес едім. Ол менің ең алғашқы, шынайы махаббатым болып қала береді. Айғанымның есімін жүрегімде мәңгі сақтаймын», — деп сөзін қорытындылады азамат.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді